Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Биыл осы келісім бойынша келіссөздер басталуы мүмкін.
Еуропалық Одақ қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
"Біз виза режимін жеңілдету туралы келісім бойынша көп жұмыс істеп жатырмыз. Бұл дегеніміз, қазақстандықтар әлі де Еуропаға виза алуы қажет болады, бірақ оны рәсімдеу процесі жеңілдетіледі. Бұл біраз уақыт алады, бірақ биыл осы келісім бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отырмыз. Егер солай болса, болашақта виза алу оңайырақ болады. Біз бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытып отырмыз", — деді Алешка Симкич.
Оның сөзінше, қазақстандықтар үшін Еуропаға баруды барынша жеңілдету керек, дәл солай еуропалықтар үшін Қазақстанға келу жеңіл болуы тиіс.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...