Мұғалім қыздар мен ұлдар арасындағы басты айырмашылықты көрсетіп жұртты күлдіртті
Әлеуметтік желіде танымал болған ауыл мұғалімі Ботагөз Омарова қысқа әрі күлкілі видео арқылы орыс тілі мен әдебиетті үй ...
Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Үкімет мүшелеріне депутаттық сауал жолдап, әлеуметтік желі бойынша мәселені шешуді сұрады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат халықаралық Kaspersky Lab компаниясы былтыр жүргізген сауалнаманы келтірді. Оның деректері бойынша Қазақстандағы балалардың 88%-ында жеке смартфон бар. Ал оның 28%-ы барлық бос уақытын гаджетте өткізеді. Жасөспірімдердің 74 пайызы TikTok-ты, 59 пайызы YouTube-ты, 57 пайызы Instagram-ды белсенді пайдаланады.
"Әрбір бесінші ата-ана баласы әлеуметтік желілердегі парақшасында қандай ақпарат жарияланғанын білмейді. Ата-аналардың 62%-ы балаларының экран алдындағы уақытын бақылау үшін ешқандай арнайы бағдарлама мен шектеу қолданбайды. 4-6 жас аралығындағы балалардың 17 пайызы интернет арқылы зат сатып алады. Бұл ата-аналарға қаржылық шығын келтіріп қана қоймай, бала үшін де қауіп төндіретіні айтпасақ та түсінікті", — деді ол.
Депутаттың сөзінше, қазір Оңтүстік Корея мен Канада ондаған сауықтыру орталығын ашып, гаджеттерге тәуелділерді сауықтыруды қолға алған.
"Желіге желіккендер психологиялық, физикалық, әлеуметтік қиындыққа тап келіп отыр. Мысалы Гонконг, Қытай университетінің зерттеулері бойынша интернетке тәуелді жасөспірімдер арасында психологиялық ауытқуға тап болу көрсеткіші 2,5 есе жоғары. Депрессияға шалдығу ықтималдығы 3 есе көп болады екен", — деді ол.
Жарқынбек Амантайұлының айтуынша, әлеуметтік желіні шектеп жатқан елдер аз емес. Олардың қатарына Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ, Аустралия және тағы басқа дамыған елдерді жатқызуға болады.
"Қытайда 2023 жылы кәмелетке толмағандардың мобильді құрылғыларды қолдануын реттейтін заң жобасы ұсынылды. Оған сәйкес балаларға кешкі 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін смартфондарды пайдалануға тыйым салынды. Франция үкіметі 15 жасқа дейінгі оқушылар үшін мектептерде телефон пайдалануға тыйым салып, балалардың интернетке қолжетімділігін заңнамалық деңгейде реттеді", — деді ол.
Депутат Қазақстанда да жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануын заңмен реттеу керек деген пікірде.
Ол мынадай ұсыныстар жасады:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!