• 25-03-2025

«Енді сен қалып едің...»: Мейрамбек Бесбаев жаңа салаға бет бұрды

Отандық әнші Мейрамбек Бесбаев кино түсіруіге ниетті екенін айтып, көпшілік арасынан сценарий авторларына іздеу салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сценаристер іздеп жатқанын жазып, жазба жариялады.

«Қазіргі кездері «кино» түсіргім кеп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Фильмге жақсы сценарий болса бірге жұмыс істеуге дайынмын. Күзге дейін қабылдаймыз: +77017772622 Алмас.

Қай жанрда түсірейік? Ойларыңызды жазыңыздар.

«Енді сен қалып ең кино түсірмеген», — дейтін достар әлі бастаған жоқпын уайымдамаңыздар!», — деп жазды Мейрамбек желі парақшасында.

Желі қолданушылары әншіге бұл бастамасында сәттілік тілеп, одан қандай туынды күтетінін жарыса жазып жатыр.

«Өзбекәлі Жәнібеков туралы түсірсеңіз қалай болар екен», «Естай» фильмін түсіру керек, досым», «Тарихи кино түсіріңіз. Күлкілі кино керек емес», «Бала Мейрамбектен аға Мейрамбекке дейінгі оқиғаны суреттейтін фильм күтемін», «Жас буынға үлгі болатындай, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кино болса», «Мән-мағынасы келіскен кино шығарына сенеміз, өйткені сіз өнердің өз адамысыз, сәттілік», — деп жазды пікір қалдырушылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????????????????????????????????? ???????????????????????????? (@m_besbaev)