Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды
Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы ...
25–30 наурыз күндері Иорданияда ересектер арасында күрестен Азия чемпионаты өтуде.
Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты. Спортшы 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде "алтын" медальға таласты. Финалдық белдесуде оған ирандық Фардин Хедаяти қарсы тұрды. Қарсылас 7:0 есебімен жеңіске жетті.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Спортшы 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Магомадов иорданиялық Амро Садеден басым түсті.
Шамиль Ожаев (87 кг) қола жүлде үшін белдесуде оңтүстік кореялық Сан Хёк Пакпен кездесті. Кездесу қазақстандық спортшының 5:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Ал, Сұлтан Әсетұлы (63 кг) Амман қаласында өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Қола медаль үшін белдесуде ол Солтүстік Корея спортшысы Чан Кимге жол берді. Есеп: 0-7.
Еске сала кетейік, Сұлтан – 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионы (67 кг). Чан Кимді былтыр Бішкекте өткен Азия чемпионатының жартылай финалында Жарлықасын жығып, алтыннан алқа таққан.
Грек-рим күресінен 55 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама спортшысы Ербол Камалиев Азия чемпионатында 5-сатыда тұрақтады. Отандасымыз қола медаль үшін белдесуде өзбекстандық Ихтиёр Ботировтан жеңіліп қалды. Есеп: 4-8.
Осылайша, алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс, 2 қола медаль бар.
Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы ...
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарыста Қазақстан құ ...
2-10 сәуір аралығында Алматыда шахматтан Азия аймағы бойынша Әлем кубогінің іріктеу турнирі өтеді. Оған Қазақстаннан бөл ...