ТЖМ қызметкерлері су тасқынына қарсы арнайы жаңа техникамен жабдықталды
Жаңа техникалар КамАЗ базасында жасалған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе облысы Есет батыр Көкіұл ...
Батыс Қазақстан облысында су басуы ықтимал елді мекендерден қар шығару жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды 24kz.
Арнайы белгіленген орындарға 590 мың текше метр қар тасылды. Әсіресе, облыс орталығында коммуналдық кәсіпорындар екі ауысымда істеп жатыр. Қар тазартуға 292 техника мен 750 жұмысшы тартылды. Соңғы тәулікте 13 мың текше метр қар полигонға шығарылды. Сондай-ақ суағарларды қар мен мұздан тазалап жатыр. Қаладағы 66 шақырым арықтың күні бүгін 25 шақырымы көктемгі қар суын өткізуге әзір.
Мержан Шамуров, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:
-Соңғы ақпан және наурыз айларында жауған қарларды шығару жұмыстары жүргізілуде. Ең басты шығару жұмыстар – жеке тұрғын үйлер аймақтарын шығару. Бүгінгі таңда ескі әуежай ауданы, Жұлдыз шағынауданы, қаланың орталығы, ет комбинаты, сондай аудандардан шығаруда. Оған қоса, арық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа техникалар КамАЗ базасында жасалған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе облысы Есет батыр Көкіұл ...
Ақтөбе облысына су тасқынына қарсы шараларға арналған заманауи арнайы автокөліктер берілді. ҚР Төтенше жағда ...
25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан шығып, Талғар ауданы, Бесағаш ...