Қазақстанда 677 мектеп санитарлық-гигиеналық талапты сақтамаған
Елімізде 677 білім беру ошағы санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамаған. Бұл туралы Үкіметте Премьер-министрінің ...
Үкімет басшысы Олжас Бектенов қалдықтардың жинақталып қалуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі екенін айтып, тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .
Олжас Бектенов қалдықтарды басқару жүйесін дамыту үшін былтыр елімізде арнайы жеңілдік пен қаржыландыру тетігі бекітілгенін жеткізді.
Бүгінде 94 жобадан тұратын тізім жасақталды. Алайда оны іске асыру барысы мүлде мардымсыз. 67 жоба қаралған, соның алтауы ғана төрт млрд теңге сомасында қаражатпен қамтамасыз етілген. Бұл жобаларды дайындау барысында әкімдіктердің тарапынан үйлестіру шараларының жеткіліксіз екенін білдіреді. Жобаларды іске асыру жабдықтарды жаңарту және жаңа технологияларды енгізу бойынша барынша белсенді жұмыс жүргізу керек, – деді Бектенов.
Сондай-ақ премьер-министр өңірлерде былтырғы жылы 5 млн тоннаға жуық қалдық жиналғанын, оның шамамен 26 пайызы ғана қайта өңделіп, кәдеге жаратылғанын жеткізді.
Мұның өзінде қағаз және пластик қалдықтарды өңдеу арқылы қол жеткізіліп отыр. Барлық нормативтік база қабылданды. Соған қарамастан, коммуналдық және басқа дақалдықтарды өртеу жобаларын іске асыру созылып кетті. Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі де шешімін таппай келеді. Жыл сайын отандық кәсіпорындарда 1 млрд тоннаға жуық қалдық жинақталып қалады. Оларды қайта өңдеу көлемі небәрі 11 пайызды құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80 пайызға жетеді, – деді Үкімет басшысы.
Бүдан өзге премьер-министр барлық қалдықтарды тиімді басқарудың айқын жүйесін жасап, оны цифрландыру қажеттілігін, дұрыс тәсілдерді қолдану арқылы қалдықтарды жойып қана қоймай, өңделіп, қайтадан кәдеге жаратылу тиіс екенін айтты.
Елімізде 677 білім беру ошағы санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамаған. Бұл туралы Үкіметте Премьер-министрінің ...
Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді, деп хаба ...
Барлығы 227 электр орталығы жұмыс істеп тұр. Премьер-министр Олжас Бектенов Екібастұз қаласында отандық энер ...