Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры Мақсат Жолдыбаев шартты жазадан босатылып , нақты жаза арқалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Мақсат Жолдыбаев орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойып, қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарымен бюджет қаражатын аудару деген желеумен кәсіпкерден 75 миллион теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды”, – делінген хабарламада.
Сотталушыға 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған еді.
Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді. Жолдыбаев 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 5 жылға сотталды.
Айыпталушы сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Казахстанские новости тут (@lavina.kz)
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...