Арал ауданын сумен жабдықтауға 4,2 млрд теңге бөлінді
Қаржы Арнаулы мемлекеттік қордан, қайтарылған активтердің есебінен берілген. Бұл қаржыға Қызылорда облысының Арал ауданы ...
Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен Қызылорда облысының Арал ауданында ауызсу жүйесі салынады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жобаны жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік қордан 4,2 миллиард теңге бөлінді. Қаражат Тоқабай, Абай және Ақбасты ауылдарын орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталады. Аталған елді мекендерде 3,5 мыңға жуық адам тұрады. Жоба аясында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына екі магистральды тармақ қосылады. Арал-Тоқабай-Абай су желісінің құрылысын аяқтау үшін 3,7 миллиард теңге, ал Қосаман-Ақбасты құбырының құрылысына 524 миллион теңге бөлінеді. Мамандар құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Бақыт Жақанов, облыс әкімінің орынбасары:
- Ақбастыда 2,1 млрд теңге тұратын жобаның 1,8 млрд теңгесі қазір игерілсе, қалған ақшасы да осы арнаулы мемлекеттік қордан бөлініп, жалпы осы 3 елді мекенде енді біраз жылдан бері ауызсу мәселесі туындаған болатын. Осы жылдың аяғына дейін толыққанды іске қосылатын болады. Сөйтіп, Мемлекет басшысының тапсырмасы 100% биыл орындалатын болады.
Қаржы Арнаулы мемлекеттік қордан, қайтарылған активтердің есебінен берілген. Бұл қаржыға Қызылорда облысының Арал ауданы ...