Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Германияда канцлер Олаф Шольц пен үкімет отставкаға кетті.
Мұны растайтын тиісті куәлікті Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің өзі табыс етті. Ресми іс-шара Берлиндегі Бельвю президент сарайында өтті. Ел конституциясына сәйкес, жаңа парламент жұмысқа кіріскенде, бұрынғы үкімет отставкаға кетеді. Бүгін жаңа Буденстагтың алғашқы жиыны өтті. Десе де, жаңа министрлер кабинеті құрылғанға дейін Олаф Шольц бастаған үкімет мүшелері өз міндеттерін уақытша атқарады. Ал болашақ канцлер Фридрих Мерц жаңа үкіметті 20 сәуірге дейін жасақтауға бекініп отыр. Еске салайық, Германияда мерзімнен бұрын парламенттік сайлау 23 ақпанда өткен болатын. Саяси додада Мерц бастаған партия жеңіске жеткен еді.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...