Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауыл саны алпыстан асты
Түркістан облысында спирттік ішімдіктен бас тартқан ауыл саны 60-тан асты. Осының нәтижесінде елдімекенде ...
Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8 мыңнан астам тұрғын кәсіп ашқан.
Мамандардың айтуынша, шағын және орта бизнестің ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Жеңілдетілген несиемен тұрғындар мал басын көбейтіп, жылыжай, наубайхана, кондитерлік цехтар ашты.
Жамбыл облысында халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар саны артты. Осыдан алты жыл бұрын басталған жобаға осы уақыт аралығында 8 мыңнан астам адам қатысқан. Оларға жалпы сомасы 50 миллиард теңгенің шағын несиесі беріліпті. Тұрғындардың таңдауы әртүрлі салаға түскен. Басым көпшілігі мал алған. Өсімдік шаруашылығын дамытып, қызмет көрсету салалары бойынша кәсібін дөңгелетіп отырғандар да бар.
Төлебек Күлекеев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- «Ауыл аманаты» бағдарламасы өздеріңіз айтқандай мына 2019 жылы Жамбыл облысында алғаш рет басталған халықтың табысын арттыру жобасы ретінде. Сол уақыттан бері 8 мыңнан астам адамға микрокредит беріліп отыр. Оның нәтижесінде мынау 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылған. Сонымен қатар мынау 23-24 жылдары жоба аясында 24 миллиард теңге қарастырылып, 2 мыңға жуық адамға микрокредит берілді.
«Ауыл аманаты» жобасы шын мәнінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етті дейді мамандар. Бизнес-идеяларды жүзеге асыру жағынан Байзақ, Қордай және Мерке аудандары көш бастап тұр. Жетібай ауылының тұрғыны Мадияр Алдабергенов кезінде жұмыссыздардың қатарында жүрген еді. Жобаға қатысып бағын сынап көруге бел буған ол жеңілдетілген процентпен берілген несиеге мал сатып алған. Қазір бордақылау алаңын ашып отыр.
Мадияр Алдабергенов, Жетібай ауылының тұрғыны:
- Сол пилоттық бағдарламамен 14 бас алдым. Қазір сол екі жылдың ішінде 18-20 басқа жеткіздім. Қазір жаман емес, алға өсіп келе жатыр мал басы. Одан да үлкен сомалар беріп жататын болса одан үлкен нәрсе ашсақ па деп отырмыз өйткені кеңеюге, 50-60 басқа дейін жеткізсек пе деп отырмыз.
Жамбыл облысында тұрғындардың табысын арттыру жобасы бойынша 15 миллиард теңгенің 1мың 200 бизнес-идеясы қолдау тапты. Өткен жылы бюджет қаржысының тапшылығына орай республикалық қазынадан қаржы бөлінбепті. Бірақ несиелеу үрдісі қарыз алушылардан қайтарылған қаржы есебінен жүргізілді. Бүгінгі күні қолдау тапқан 345 жоба қаржыландырылды.
Қарлығаш Қасиетова, Анастасия Сулейманова, Бақытжан Бапаев, Эльдар Байділда