Жетісайда өрт салдарынан ес-түссіз күйде үш адам табылды
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...
Көкшетау маңында орналасқан саяжай алаптарында шөп өртеніп, жоғары дәреже бойынша дабыл жарияланды. Облыстық ТЖД қызыл жалынның саяжай құрылыстарына көшу қаупі болғанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт туралы төтеншеліктерге куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнына 10-ӨСБ, М. Ғабдуллин атындағы АҚА күштері құралдары және «Бұқпа» орман шаруашылығы дереу жеткен. Өрт сөндіру күштері келгеннен кейін төрт учаскеде шөп өртенгені анықталған. Ал жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан.
Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов келіп, «Дабыл» белгісі бойынша Көкшетау гарнизонын көтерді. Көкшетау қаласы мен Красный яр ауылынан қосымша күштер мен құралдар тартылды. Өрттің жалпы ауданы 150 гектар құрғақ шөпті, бұталарды және қараусыз қалған саяжай құрылыстарын құрады,-деп атап өтті департаменттен.
Алапат жалынды сөндіруге өрт сөндіру күштерінен басқа коммуналдық қызметтер де тартылды. «Су Арнасы» және «Көкшетау тазалық» кәсіпорындарымен су тасымалдау ұйымдастырылды. Жүзден астам адам мен 20 техника қатысқан үйлесімді іс-қимылдардың арқасында өрттің үлкен аумағы мен күшейген желді ескере отырып, өртті қысқа мерзімде сөндірілді.
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...
Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өрттің салдарынан екі ересек және бір бала ...
Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...