Экс-күйеуі әйелін бауыздаған: Жылыой ауруханасының ұжымы Мейрамгүлді ақтық сапарға аттандырды
Бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан заңгер Мейрамгүл Қайырбекованы әріптестері ақтық сапарға шығарып сал ...
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл – елдің дамуы мен болашағы үшін үлкен мүмкіндік. Халық санының өсуі инфрақұрылым, медицина, білім беру және экономика салаларында жаңа бастамаларды қажет етеді. Massaget.kz тілшісі демографиялық саясаттың болашағы, туу деңгейінің артуы және халықтың өмір сапасы туралы сарапшылар пікірін білді.
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының саны 21 миллионнға жетейін деп қалды. Демограф, Ұлттық комиссияның мүшесі Найля Мұхтарқызы бұл оқиғаның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.
"Бұл – тарихи белес. Ендігі жерде мемлекет халық санының артуына сәйкес өмір сапасын жақсартуға ерекше назар аударуы қажет. Бұл демографиялық өсім – елдің экономикалық және мәдени әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді", – дейді сарапшы.
Қазақстанда халық санының өсуін стратегиялық тұрғыда басқару маңызды. Сарапшылардың пікірінше, халық өсімін қолдау үшін жүйелі бағдарламалар қажет. Елдің әр аймағында туу көрсеткіштері әртүрлі болғандықтан, демографиялық саясат аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып жасалуы тиіс.
"Демографиялық саясат – тек халық санын арттыру емес, сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау жүйелеріне инвестиция салу – басты басымдықтардың бірі", – деді спикеріміз.
Қазақстанда туу коэффициенті – бір әйелге орта есеппен үш баладан келеді. Бұл 90-жылдармен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, бұл үрдіс елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен жастарды қолдау бағдарламаларының арқасында сақталып отыр. Демографиялық өсім аймақтар бойынша әртүрлі. Мысалы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент, Алматы қалаларында туу көрсеткіші жоғары, бұл экономикалық даму мен әлеуметтік жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.
Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, 2027 жылы Қазақстан халқының саны 21 миллионға жетуі мүмкін. "Біз қысқа мерзімді болжамдарды қарастырғанда, халық санының тұрақты өсімін байқаймыз. Бұл Қазақстанның болашағы үшін үлкен мүмкіндік", – деді ол.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халық өсімін ынталандыру үшін кешенді шаралар қажет. Қазақстанда отбасы институтын нығайту, жастарға қолдау көрсету және тұрғын үй мәселесін шешу бағытында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.
"Мемлекет әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, жастардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруда. Бұл демографиялық саясаттың тиімділігін арттырады", – дейді сарапшылар.
Қазақстандағы демографиялық өсім – елдің болашағы үшін маңызды жетістік. 20 миллион халқы бар мемлекет жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, өмір сапасын жақсарту үшін стратегиялық қадамдар жасап келеді. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау жүйелерін нығайту – халық санының өсуін тұрақты және сапалы етуге көмектеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!