Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында іскерлік байланыс орталығы ашылады
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Өткен жылы отандық депозит нарығы 20%-ға өскен. Салымшылардың 17 пайызы ақшасын теңгемен сақтаса, қалғаны шетел валютасын тиімді деп санаған. Ал, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ең көп дегенде 20 миллион теңгеге дейін сақтандыра аламыз деп отыр. Сондықтан, мамандар депозитті бірнеше банктен ашуға кеңес береді. Елімізде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатын 19 банк бар. Жалпы, қай депозит түрі тиімді? Ашқа саларда нені ескеру керек? Тілшіміз тарқатсын.
КЕПІЛДІК БЕРІЛЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ:
Шетел валютасы- 5 млн теңге
Теңгедегі мерзімсіз және мерзімді салымдар – 10 млн теңге
Теңгедегі жинақ салымдар – 20 млн теңге.
Серік Жұмабек, тілші:
Елдегі екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға арналған депозиттің 3 түрі бар. Олар мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдары. Мерзімсіз депозитке кез- келген сәтте қосымша ақша салуға және толықтай шешіп алуға болады. Шектеу жоқ. Бірақ, сыйақы мөлшерлемесі басқаларымен салыстырғанда төмен, табысы көп емес.
Айбота Жаппарберген, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ ресми өкілі:
Биылғы жылы инфляцияның жылдық мөлшері 9,4 пайызды құрайды. Ал мерзімсіз салымдардың орташа жылдық мөлшерлемесі 14,5 пайызды құрап отыр. Қарап отырғаныңыздай инфляциядан әлде қайда жоғары.
Серік Жұмабек, тілші:
Мерзімді салым аты айтып тұрғандай белгілі бір уақытқа ашылады. Пайыздық мөлшерлемесі мерзімсіз депозитке қарағанда жоғары. Кез-келген сәтте шотты толықтырып, керек кезде мерзімінен бұрын ақшаны шешіп алуға болады. Бірақ, сыйақыдан қағыласыз. Мерзімді салымдардың жылдық мөлшерлемесі 11,9 пайыздан 14,9 пайызға дейін барады. Ал, жинақ салымы пайыздық мөлшерлемесі ең жоғары әрі капиталдандырылатын депозит түрі. Шотты толықтыруға да болады. Бірақ ақшаны мерзімінен бұрын алуға болмайды, мұндай жағдайда 30 күн бұрын банкке өтініш беру керек.
Айбота Жаппарберген, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ ресми өкілі:
Еш жерде сіз жинақ салымыңыздағы ақшаңызды мерзімінен бұрын жартылай немесе толықтай алатын болсаңыз, онда сіздің шотыңыз автоматты түрде жабылады. Ақшаңыз сізге толығымен қайтарылады. Ал, пайыздық мөлшерлеме толық дерлік жойылады. Сізге тек қана 0,1 пайыз мөлшерінде ғана сыйақы берілуі мүмкін.
Серік Жұмабек, тілші:
Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың депозиттердегі ақшасы 24 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде мерзімсіз депозит 64,2%, мерзімді салым 11,4 пайыз, ал жинақ салымдардың үлесі 11,3%- ды құраған. Ескеретін дүние, депозитті таңдаған кезде оның пайыздық мөлшерлемесіне ғана емес, ақшаны алу және салу мүмкіндіктері мен банктің беделіне де баса назар аудару керек дейді сарапшылар.
Серік Жұмабек