«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» кітабы жарыққа шықты
Талдықорғанда «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» кітабы жарыққа шықты. 500 данамен басылған жинақта Жетісу ...
Талдықорғанда Сарқан аудандық білім бөлімінің үш бухгалтеріне, балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы мен «Қазпошта» АҚ-ның аудандық учаске басшысына және камералдық бақылау бөлімінің жетекшісіне қатысты сот үкімі шықты.
Лауазымды қызмет атқарған күдіктілерге 1 млрд 600 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Сонымен қатар алаяқтық, бөтеннің мүлкін ұрлау, қызметтік жағдайын пайдалану баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалалық соттың судьясы айыпталушыларды кінәлі деп таныды. Алты адамның екеуіне айыппұл салынса, қалғандарына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Нұрсұлтан Орынбасаров, Жетісу облыстық сотының ресми өкілі:
- Төрт сотталушы 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Барлық сотталушылар мемлекеттік қызметте және материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымында атқару құқығынан әртүрлі мерзімге айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Талдықорғанда «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» кітабы жарыққа шықты. 500 данамен басылған жинақта Жетісу ...
Талдықорғандағы «Құлагер» ықшамауданындағы 10-шы үйдің тұрғындары екі күннен бері жылу мен ыстық сусыз отыр. ...
Талдықорғанның Хутор ықшам ауданындағы жол жөндеу жұмыстары жұрттың ашуын туғызды. Тұрғындар айтуынша, биы ...