Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Астанада көпқабатты тұрғын үйдің электр қалқаны жанып, салдарынан үш бала зардап шекті. Қазір олар ауруханада жатыр, бір баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Azattyq Rýhy мәліметінше, төтенше жағдай бүгін түнде Мәңгілік ел даңғылындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде болған. Үйдің кіреберісіндегі электр қалқанында сымдар өртенген. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 50 адамды, соның ішінде 18 баланы эвакуациялады. Алайда үш бала өрттен зардап шеккен, олар №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.
«15 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қазір ол анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр. Ал 10 және 11 жастағы балалар күрделі соматика бөлімшесіне жатқызылды. Балалардың жағдайы тұрақты. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр», — деп мәлімдеді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...