Аяз, көктайғақ: Астананың бас травматологы тұрғындарды сақ болуға шақырды
Елордада ауа райының күрт нашарлауы байқалуда, аяз буып, боран соғады және жел күшейеді деп болжайды мамандар. Бас ш ...
Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданындағы түрмеге келген хирург 15 адамды тексерген. Алайда, құжатқа 160 адамды тексердім деп жазып 15 мың теңгенің орнына 214 мың теңге жалақы алып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның ақпаратына сүйенсек, хирург қана емес, дерматовенеролог, нарколог, невропатолог және психиатр дәрігерлер де осындай айла қолданған екен. Бір айта кетерлігі, прокуратура енді хабарлап отырған жайттар 2023 жылы тіркелген.
2023 жылғы желтоқсан айында хирург мекемеге жоспарлы сапары кезінде 15 сотталғанды тексерген, алайда есептік құжаттарда қабылдауда 160 адамның болғаны көрсетілген. Осы деректер негізінде дәрігерге 214 мың теңге мөлшерінде жалақы есептелген. Алайда бекітілген нормативтерге сәйкес, 15 науқасты қабылдағаны үшін төленетін сома 15 252 теңге еді, — деп хабарлайды прокуратура.
Осылайша, дәрігерлер түрмедегі азаматтарды пайдаланып, 1,4 млн теңгені иемденіп алған. Олар ақшаны бюджетке қайтарған, өздері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Елордада ауа райының күрт нашарлауы байқалуда, аяз буып, боран соғады және жел күшейеді деп болжайды мамандар. Бас ш ...
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 495,32 грамды құрады. Шығыс Қазақ ...
Биыл шығыс қазақстандық еріктілер мыңнан астам әлеуметтік шараға мұрындық болды. Белсенділер ондаған гектар ...