Павлодарда мектептерде тарих апталығы өтті
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
Оқыс оқиғадан екі адамның денесін күйік шалды.
Павлодардағы мұнай-химия зауыты өртеніп, екі адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
1989 және 1982 жылы туған екі қызметкерді күйік шалып, дереу ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
"Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Павлодар қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің барлық жеке құрамын жинау жүзеге асырылды, қосымша өрт сөндіру техникасы есепке енгізілді. Жедел және үйлесімді әрекеттердің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Бірінші болып жеткен МЕӨҚҚ "ПМХЗ" ЖШС күшімен факелді жану жойылып, технологиялық қондырғыларды оқпан арқылы салқындату жүргізілді", — деді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт 50 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген. Сағат 00.40-та толықтай сөндірілді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
Думан Қыдырмоллаев, полковник, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары ...
Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше ...