Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Қытайда да жер сілкінді. Бұл жолы табиғат апаты елдің оңтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзаланың жойқын болғаны соншалық ондаған қала мен елді мекеннен бөлек, көрші елдерде де сезілді.
Руслан Бақытбекұлы, тілші:
- Қытайда ахуал тұрақты. Табиғат апаты елдің оңтүстік-батысында тіркелді. Бұл аймақ зілзала болған Мяньма елімен шекаралас, ал Таиландқа тиіп тұр. Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметіне сай жер сілкінісі Бейжің уақытымен күндізгі сағат 2:20-да тіркелді.
Магнитудасы 7,9 балдық жерасты дүмпуі 30 шақырым тереңдікте болды. Жердің тербелісі 300 шақырымдай жерде орналасқан қала мен елді мекендерде қатты сезілді. Оның ішінде Юньнань провинциясының орталығы Куньмин шаһары мен Сишуанбаньна, Дэхун-Дай, Цзинпо сияқты бірқатар автономдық округ бар. Мына әлеуметтік желілерде тараған бейнетүсірілімде теңселген биік ғимараттарды көруге болады. Мұндай жағдай 10 шақты қалада болды. Салдарынан биік ғимараттардың қабырғалары қақырап, бүлінген. Төбеден құлаған қирандылар көліктер мен коммерциялық нысандарды тас-талқан етті. Бірқатар ауданның халқы қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер туралы мәлімет әлі жарияланбады. Қазір келген шығын есептеліп, қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кету керек, Юньнань – Қытайдың туристер ең көп баратын аймақтардың бірі. Әсіресе көктемде сакура гүлдегенде саяхатшылар саны арта түседі. Елшілік пен консулдыққа хабарласып бұл жөнінде сұрап білдік. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары турал мәлімет түспеген.
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Тау-кен металургия саласын мониторинг жасаудың жаңа құралы кеңінен қолданысқа енгізіліп жатыр. Ол бақылау к ...
Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстаннан қатынайтын ұшақтардың бағыты өзгеруі мүмкін. Air ...