Энергияны жинақтайтын жүйелер бойынша ауқымды жобалар қолға алынбақ
Астана және Шымкентте бу-газ қондырғыларын салу бойынша аукцион өткізу туралы жарияланды. Қуаты шамамен 3,8 ...
8 сәуірде Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшырылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипі бар екі ту ғарыш асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
8 сәуірде Байқоңырдан "Союз МС-27" ғарыш кемесі ұшырылады. Экспедицияның негізгі экипажының құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий, NASA ғарышкері Джонатан Ким бар.
"Біз қазір бұл мәселені 7-8 сәуір күндері Қызылорда облысында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары форумы аясында пысықтаймыз. Форум қатысушылары ғарыш кемесін ұшыру сәтін тамашалайды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған эмблемасы және "Ассамблея жастары" логотипі бар екі ту сонда өтетін кездесу барысында табысталады", — деді "Ассамблея жастары" бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев.
Оның сөзінше, ту бір жыл бойы халықаралық ғарыш айлағында болады.
Астана және Шымкентте бу-газ қондырғыларын салу бойынша аукцион өткізу туралы жарияланды. Қуаты шамамен 3,8 ...
Қазақстандық кәсіпкер Данна Қарағұсова америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard суборбиталық кемесімен ұшып, ...
Қытай Қазақстанға қазіргі бағам бойынша 100 миллион юань, яғни 7,5 миллиард теңге көлемінде өтеусіз грант бере ...