Екінші дүниежүзілік соғысқа Маңғыстаудан 4942 адам аттанған
Екінші дүниежүзілік соғысқа Маңғыстаудан 4942 адам аттанып, тең жартысы елге қайтып оралмады. Қазір өңірд ...
Бекет Атаның 275 жылдығына арналған республикалық айтыс өз мәресіне жетті Бүгін Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінде Бекет Ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына арналған «Бабамның төрі – Байтағым!» атты республикалық ақындар айтысы жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Айтыстың жүргізушісі – өнер мен айтыстың белді тұлғасы, ақын, профессор, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжол Әлтай болды. Ол айтыстың мазмұнын ашып, ақындарға дем беріп, кештің көркін қыздырды. Бұл аламанның әділ бағасын беруге қазақ айтысының абыз тұлғалары шақырылды.
Бірінші айналымда барлық қатысушылар жұптасып, өз өнерлерін ортаға салды. Бекет Атаның өмірі мен мұрасын жырға қосқан ақындар ұтымды ұйқас, өткір сөз, терең мағына арқылы көрерменнің ықыласына бөленді. Айтыстың екінші кезеңінде ақындар бір-бірімен бәсекеге түсіп, шын мықтыны анықтады. Әр жұптың айтысы өз алдына бір көркем жыр, мән-мағынасы терең сөз сайысы болды.
Финалда ақындар нағыз сөз барымтасын жасап, ой мен сезімді, ел мен жерді жырға қосып, көрерменді ерекше әсерге бөледі. Айтыс нәтижесі бойынша үшінші орынды ақтөбелік Ахметов Марат пен жаңаөзендік Арғынбек Қалбаев иеленіп, әрқайсысы 1 миллион теңге сертификатқа ие болды. Қарағандылық Дидар Қами екінші орынды жеңіп алып, 2 миллион теңге жүлдені қанжығасына байлады. Қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан үздік шығып, бірінші орын мен 3 миллион теңге жүлдені иеленді. Ал айтыстың бас жүлдесін жаңаөзендік Абай Жолмағамбетов жеңіп алып, автокөлікке ие болды. Айтыс соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, жүлдегерлерге марапаттарын табыс етті.
Екінші дүниежүзілік соғысқа Маңғыстаудан 4942 адам аттанып, тең жартысы елге қайтып оралмады. Қазір өңірд ...
Қарағандылықтарды жыл сайынғы «Армысың, әз Наурыз » атты жас ақындар айтысына шақырады. Оған облыстың талантты ...
Маңғыстау облысында жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ...