Семейде Түркістан облысының мәдениет күндері басталды
Семейде Абайдың 180 жылдығына орай Түркістан облысының мәдениет күндері басталды. Шара аясында оңтүстікте ...
1 мамырдан бастап Өзбекстанда электр қуаты қымбаттайды, деп хабарлайды 24KZ. Бір киловатт энергияның құны 450 сумға көтеріледі. Қазіргі баға 295 сум. Тарифті жоғарлату саясаты елдегі энергетикалық нысандарды жөндеуге және жаңа қуат көздерін ашуға жұмсалмақ.
Биыл Өзбекстан гидроэнергетика саласында қуаты 1 млрд киловват болатын 38 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осылайша көрші ел судан алатын энергияның үлесін арттырмақ.
Авазбек Закиров, «Өзбекгидроэнерго» инвестициялар басқармасының басшысы:
- Қазір ел бойынша 55 гидроэнергетикалық нысан жұмыс істеп тұр. Олардың қуаты 430 мегаватт. Біз сырттан инвестор тартуды жалғастырамыз. Қазір алыс жақын елдерден қызығушылар бар. Біздің негізгі міндетіміз – ішкі сұранысты мейлінше азайту. Бұл бағытта көрші елдермен де қоян қолтық жұмыс істеп жатырмыз.
Қазір Қырғызстанда «Қамбарата-1» гидроэлектр станциясын салу бойынша жоба бекітілді. Бұл Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның энергетикалық сұранысын белгілі бір мөлшерде реттеуге мүмкіндік бермек. Кешеннің қуаты 1800 мегаватт боламақ. Бұл жобада Қазақстан мен Өзбекстанның үлесі 33%, ал Қырғызстан 34% акцияға иелік етеді. Құрылыс жұмыстары 10 жылға жалғасады. Оған 6 млрд АҚШ долларын жұмсау көзделіп отыр.
Семейде Абайдың 180 жылдығына орай Түркістан облысының мәдениет күндері басталды. Шара аясында оңтүстікте ...
Әлем дерт атаулымен күресте түрлі әдістерді меңгеріп, технологияның алуан тәсілін енгізіп жатқанымен, аурудың азая ...
Қазақстандық Жанель Имантаева Бангкокте 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан Азия че ...