Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына қосылуы мүмкін
Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына енуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары ...
Әйелдер де футбол ойнайды.
Футбол ойнап ғана қоймай, өзге жұрттың командаларын жерге қаратып жүр.
Бәрекелді! Шынымен таңқаларлық жайт. Әйелдер командасының барын шынымды айтсам білмеген екенмін.
Иә, кәсіби тұрғыда ойнайды. Таяуда Астанада өткен халықаралық турнирде ресейлік әйелдер құрамасын жеңіп, сол жақтағы кезекті турнирге шақырту алды. Қазір жарысқа дайындалып жатыр.
Ия, керемет! Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді деген сөздің жаны барын осыдан ұғасың!
Бұл аналардың ала доп тепкеніне 8 ай ғана болды. Бірақ команда мүшелері ысылған, ептілікпен ойнайтынын байқайсыз. Осы аз ғана уақытта олар халықаралық турнирде өнер көрсетіп, ресейлік аналар құрамасын 1:0 есебімен жеңіп те үлгірді.
Мадина Шахманова, футболшы ана:
- Қазақстан бойынша аналар клубы негізі біз бірінші ашылуымыз. Негізі аналарды футболға шақырғым келеді. Өйткені біз жалғызбыз. Бізге қарсы ойнайтын командалар керек. Жақсы қарсылас керек. Тек Астанада емес, Қазақстанның түкпір-түкпіріне баруға дайынбыз. Қазір біз Ресей мемлекетіне, Омск қаласына дайындалып жатырмыз.
Бұл аналар футболға балалары үшін келген. Яғни осы спорт түрімен айналысатын жеткіншектеріне жігер беріп, соларға жанкүйер болып жүріп өздері де жаттыға бастайды. Бұрын ала допқа әуестік болмағанмен қазір пайдасын көріп жүр.
Мадина Шахманова, футболшы ана:
- Балаларды түсіну үшін, балалармен бір толқында болу үшін, балаларға үлгі болу үшін, сөйтіп жаттығуды бастап кеттік. Өте қуаныштымыз соған. Соның арқасында біз қазір бірігіп, қаншама аналар бірге тіл табысамыз, бір-бірімізбен сырласып, дос болып жатырмыз. Сондықтан ол өте жақсы.
Аналарының футбол ойнағанына балалар да қуанышты. Өздерін олардың басты жанкүйеріміз дейді. Әр жаттығуды тамашалап, қолдау білдіріп отырады.
- Арыс чемпион! Арыс чемпион...!
Команданың бас бапкері Жанерке Перме футболшы аналар клубтары көршілес Ресейде көп дейді. Қытай елінде де жақында біреуі ашылған. Ал біздің елде алғашқылардың бірі болып құрылған аналар құрамасы республикамыздың басқа өңірлерінде де ашылса деген тілегі бар.
Жанерке Перме, жаттықтырушы:
- Аналар командасы мықты деп ойлаймын, мақсат жай ғана аналар командасы болсын деп емес, аналар командасы барлық қалада болсын деп, өздерінің лигасы болсын деп, сол лигада өздері ойнасын деп, негізі сондай мақсатпен.
Футболға қызыққан аналардың ең жасы 28, үлкені 40-тан асқан. Алғашқыда баламыздың спортқа деген ынтасын көтереміз деп қана жиналған команда мүшелері енді Ресейде өтетін кезекті халықаралық турнирге дайындалып жатыр.
Мөлдір Молдағали, Ербол Дайыров