АҚШ Н.Мадуроны «лаңкес» деп жарияламақ
АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны лаңкес деп жариялауы мүмкін. Құрама Штаттардың мемлекеттік департ ...
Ақ үй басшысы Тегеран ядролық бағдарламадан бас тартуы керек деп отыр.
Иран АҚШ Президенті Дональд Трамптың сес көрсетуінен кейін зымырандарды жоғары дайындыққа келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tehran Times-қа сілтеме жасап.
Ақ үй басшысы Тегеран ядролық бағдарламадан бас тартып, жаңа келісім жасасын деп отыр. Осыған байланысты Иран АҚШ нысандарына соққы бере алатын зымырандарды дайындыққа келтірді.
"Бұл зымырандардың айтарлықтай бөлігі әуе соққыларына төтеп беруге арналған. Олар елдегі жерасты нысандарында орналасқан", — делінген хабарламада.
Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің сөзінше, Вашингтонның елге сырттан соққы беру ықтималдығы төмен.
"Бұл зұлымдықтың сырттан жасалуы екіталай. Алайда ондай болған жағдайда, міндетті түрде қарымта соққы береміз", — деді ол.
Бұған дейін Дональд Трамп Иранның жоғарғы көшбасшысына жаңа ядролық мәміле жасауға 2 екі ай уақыт берген болатын. Ол өзінің талаптарын хатта көрсеткен.
Axios мәліметінше, тиісті хабарламада келіссөздер бойынша ұсыныс қана емес, одан бас тарту салдары да қамтылған.
АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны лаңкес деп жариялауы мүмкін. Құрама Штаттардың мемлекеттік департ ...
Конгресс ұзақ уақыт бойы бір мәмілеге келе алмады . АҚШ сенаторлары шатдаунды аяқтауға бағытталған екі партия ...
Нұрлан Құлбатыров, QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары ...