Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Бүгін елордада Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш пен №4 сорғы-сүзгі стансасының құрылысына арналған EPC-келісімшартына қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Іс-шараға Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь қатысты.
Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш пен №4 сорғы-сүзгі стансасының құрылысы – Астананы тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық жоба. Су тартқыштың жалпы ұзындығы – 203,06 шақырым (екі желі) болады. Жобаны жүзеге асыру арқылы қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға, су тұтыну көлемі көбейсе сұранысқа төтеп беру және әлеуметтік-экономикалық дамуды одан әрі жетілдіреді.
«EPC-келісімшартты дайындау қазақстандық және қытайлық тараптардың тығыз өзара іс-қимылы негізінде, жобалаудың халықаралық стандарттарын, экологиялық қауіпсіздік пен құрылыс тиімділігін сақтай отырып жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр.
China Energy International Group және оның еншілес компаниясы China Gezhouba Group Company Ltd. әлемнің түрлі өңірлерінде ірі инфрақұрылымдық және инженерлік жобаларды іске асыруда мол тәжірибеге ие», делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...