Арменияға бидай экспорты артады
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Бұзушыларға 7,8 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.
Қазақстанда блогерлер арасында әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізудің заңсыздығына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ұлттық экономика вице-премьер – министрі Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында.
Оның айтуынша, "Заң және тәртіп" медиа-жоспары аясында халық пен блогерлерге заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы ақпарат беру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
"Жыл басынан бері мониторинг барысында интернет-алаяқтықтың 1 870 фактісі анықталды. Оның ішінде әлеуметтік желілерде 389 факт бар, 1 480 ресурстар мен сілтемелерге қол жеткізу шектелген. Интернет-казино қызметі бөлігінде 8 616 анықталған, оның ішінде әлеуметтік желілерде 6 399 факт, 2 195 интернет-ресурстар мен сілтемелер шектелген", – деп нақтылады Жұманғарин.
Оқи отырыңыз: Жұманғарин блогерлердің табысын кәсіпкерлік қызметке жатқызуға қатысты жауап берді
Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тартумен ойын бизнесі мен лотереяларды реттеу комитеті айналысады. Құқық бұзушыларға кірістері тәркіленіп, 7,8 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.
Сонымен қатар ол Мәдениет және ақпарат министрлігі Instagram, TikTok және Meta әлеуметтік желілерімен бірлесе отырып, ақпараттық алаңды таза ұстау және алаяқтық схемалардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп келетіндігін айтты.
Сонымен қатар интернет кеңістігі тәулік бойы бақыланып, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел шаралар қабылданады.
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Тэгу қаласында Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі ұйымдастырған Korea Internationa ...
t.me/aqorda_resmi Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауд ...