Қазақстан-БАӘ: инвестициялық ынтымақтастықтың игілігі мол
Қазақстан инвестициялық тартымды елге айналды. Осы күні Қытай, Ресей, АҚШ, Еуроодақ, Таяу Шығыс, Азия және басқа д ...
Арал теңізінің тартылып қалған ұлтанына алғаш рет агродронның көмегімен сексеуіл тұқымын себу жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24KZ. «Бұл инновациялық әдіс шөлейттенуге қарсы күресте еңбек өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді», – дейді саланың мамандары.
Ұшқышсыз басқарылатын квадракоптер 50 келіге дейін жүк көтере алады. Осы дрондардың көмегімен мамандар 100 мың гектардан астам жерді жасыл желекке айналдыруды көздеп отыр. Игі бастама Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтының ұйытқы болуымен жүзеге асып жатыр. Бағдарлама үш жылға жоспарланған. Арал теңізінің құрғаған табаны шамамен 6 миллион гектар жерді алып жатыр. Оның 2,8 миллион гектары Қазақстан аумағында. Мемлекет басшысы 2021 жылы теңіз ұлтанындағы 1,1 миллион гектар аумаққа шөлге төзімді өсімдіктер егуді тапсырған болатын. Аталған міндеттің бүгінде 71%-і орындалған. Қалған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Исатай Әбдіразақов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
- Былтыр 2024 жылдың желтоқсан, 2025 жылдың қаңтар, ақпан айларында 120 мың гектар жерге голафитті өсімдіктерді араластырып себу жұмыстары жүргізілді. Оған 522 тонна тұқым жиналды. Қазір осы қар кетісімен көшетпен отырғызу жұмыстары басталып жатыр.
Қазақстан инвестициялық тартымды елге айналды. Осы күні Қытай, Ресей, АҚШ, Еуроодақ, Таяу Шығыс, Азия және басқа д ...
Шағын және ірі бизнес үшін жаңа несиеге кепілдік беру қорларын құру көзделіп отыр. Бүгін Сенатта өткен Үкім ...
Өскемендегі хайуанаттар бағында сирек кездесетін оқиға тіркелді, деп хабарлайды 24KZ. Шанди есімді аю бірде ...