Қарағанды облысында жолдар жабылды
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Бір адам оқиға орнында көз жұмды .
Қарағандыда жеңіл көлік тротуарға шығып кетіп, екі адамды қақты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 31 наурыз күні шамамен сағат 23:00-де Бұқар жырау даңғылы бойында болды. Audi автокөлігінің жүргізушісі Дүйсенбеков көшесіне қарай бағыт алып келе жатып, жылдамдық режимін асырып, көлікті басқара алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен.
"Жол апаты салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, ал екінші адам, сондай-ақ автокөлік жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттарымен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді", — деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қарағанды облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ақтөбе- Атыра ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...