«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
Астанада полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлеріне а ...
Бір адам оқиға орнында қаза болды.
Қарағандыда жеңіл көлік тротуарға шығып кетіп, екі адамды қақты, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 31 наурыз күні шамамен сағат 23:00-де Бұқар жырау даңғылы бойында болды. Audi автокөлігінің жүргізушісі Дүйсенбеков көшесіне қарай бағыт алып келе жатып, жылдамдық режимін асырып, көлікті басқара алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен.
"Жол апаты салдарынан әйел оқиға орнында қаза болды, ал екінші адам, сонымен қатар автокөлік жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттарымен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді", – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза болды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
Астанада полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлеріне а ...
Бүгінгі бағдарламада: Түркістан облысында тыйым салынған экстремистік материал таратқан шетел азаматы ...
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 маусым күні Өтеген батыр ауылындағы Жансүгіров көше ...