Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Текеліде бояудың иісіне уланып қалған ер адам құтқарылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
31 наурызда Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы азаматтың өмірін сақтап қалуға көмектесті.
Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылды. Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны танысының көлігін байқап қалады. Амандасқысы келген ол ішке кіріп, бірақ танысын таба алмаған.
Алаңдаған ер адам жертөлеге түседі. Сол жерде танысының телефонын, кілтін және киімдерін көріп, әрі қарай өтіп, оны бояу қалдықтары бар кеңістікте ес-түссіз жатқан жерінен табады.
"Уақытты созбай, ер адам көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігін байқап, көмекке шақырады. Бірден көмекке полиция қызметкерлері келіп, жедел әрекет етті. Олар зардап шеккен азаматты сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жетіп, жігітті дәрігерлерге табыстады. Қалалық аурухананың анестезиолог-реаниматологы полиция қызметкерлерінің уақтылы әрекет етуі Тимурдың өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарғанын атап өтті", — деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...