Биыл 35 спорт нысаны салынған
Осы және басқа да деректерді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында айтты, деп жаз ...
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үдерісіне жаңа технологиялар енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үдерісіне толықтырылған нақтылықтың (AR) және компьютерлік көрудің (Computer Vision) заманауи технологияларын енгізу жоспарлануда. Бұдан басқа, Еуропа елдерінің табысты тәжірибесі негізінде емтихандарды қабылдау тәртібі, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу рәсімі қайта қаралатын болады.
Өткен жылы көлік құралдарын тіркеу саласында 3 млн қызмет көрсетілді. Сатып алу-сату шарттарына электрондық қол қою, мемлекеттік тіркеу белгілерін жедел дайындау, автосақтандыру сияқты іс-шаралар жүргізілді. Біз құжаттарды рәсімдеу жөніндегі мемлекеттік корпорацияның платформасын іске қосуды, биометриялық сәйкестендіру және автокөлік тарихын тексеру сервистерін іске асыруды жоспарлап отырмыз, — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Осы және басқа да деректерді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында айтты, деп жаз ...
Мұндай тосын ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті. ...
Ауыл-аймақтардағы интернет мәселесі түбегейлі шешілу керек . Үкімет отырысында Олжас Бектенов әкімдерге осын ...