«Атырау» футбол клубы екі легионермен келісімшартты ұзартпады
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Спортшының бағасы 75 мың еуродан біршама өскен .
"Transfermarkt" порталы ресейлік "Тюмень" сапында өнер көрсететін қазақстандық қақпашының трансферлік құнын өзгертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Александр Довгальдың құны 75 мың еуродан 125 мың еуроға дейін артқан. Бұл – қақпашының карьерасындағы ең жоғары меже. Өйткені, оның осыған дейінгі нарықтық құны 100 мың еуродан аспаған еді.
24 жастағы Довгаль "Тюмень" сапына 2025 жылы қаңтарда ғана қосылды. Ресей бірінші лигасындағы 5 ойында 4 гол жіберіп, екі кездесуде қақпасына доп өткізбеді.
Сондықтан да, "Тюмень" жанкүйерлері екі ойында қазақстандық қақпашыны команданың үздік ойыншысы деп таңдады.
Бұған дейін атақты ағылшындық клубқа ауысқан өзбекстандық футболшы Абдуқодир Хусановтың трансферлік құны көз ілеспес жылдамдықпен көтерілгенін жазған едік.
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елимай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде отб ...
Францияның атақты шабуылшысы Килиан Мбаппе сот шешімімен бұрынғы клубы «Пари Сен-Жерменнен» 61 миллион еуро өтемақы ...