Азия чемпионатындағы Өзбекстан мен Қазақстан айқасында екі нокдаун болды
Қазақстандық Жанель Имантаева Бангкокте 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан Азия че ...
Автожол құны шамамен – 140 миллиард теңге.
Мұндай сүйінші жаңалықты Үкімет басшысының өзі айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің сөзінше, Қызылордан Үшқұдыққа дейінгі маршруттың жалпы ұзындығы 320 шақырымға созылады. Қазақстан аумағында 140 шақырым болса, Өзбекстандағы ұзындығы – 180 шақырым. Сондай-ақ, шекарада құны 15 миллиард теңгеге жуық автомобиль өткізу пунктін салу жоспарланып отыр.
Олжас Бектенов ұлттық инфрақұрылымдық жоспарға сәйкес, 2029 жылға дейін Ақтөбе – Хромтау және Қарағанды – Жезқазған жолын жөндеу, сондай-ақ Астана Ырғыз жаңа трассасын салу жоспарда тұрғанын жеткізді.
– Бекітілген жоспарлар мен көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, ғылыми өлшеу шеңберінде көзделген жобаларды іске асыру аяқталғаннан кейін Қызылорда – Үшқұдық автожолын салу мәселесін қаралады, – деді ол.
Еске салайық, осыған дейін сенаторлар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси-экономикалық және мәдени байланыстар нығайып келе жатқанын алға тартып, қос ел арасына жаңа жол қажет екенін айтқан-ды. Мұндай сұраныстар мен ұсыныстарға шекара маңындағы аудандардың тұрғындары да үн қосты.
Депутаттар Өзбекстан басқа елдер арқылы балама маршруттар жасамай тұрып, құрылысты мүмкіндігінше тезірек бастаудың маңыздылығын бірнеше рет мінберде көтерді.
Қазақстандық Жанель Имантаева Бангкокте 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан Азия че ...
Өзбекстан үкіметі Абайдың 180 жылдығын атап өту бағдарламасына 152 млн сум қаржы бөлді . Бұл сома мәдени іс- ...
Өзбекстанның Самарқан облысының Тойлоқ ауданында танымал әнші, Zeboyi Jahon лақап атымен танылған Зебинисо ...