Семейде көшеде есінен танып қалған ер адам көз жұмды
16 желтоқсан күні Семей қаласында болған қайғылы оқиға туралы мәліметтер белгілі болды. Абай облысының жедел ж ...
Сот қаулысымен бір ата-ана 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Семей қаласында оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік істерді қарады.
Сот оларды балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 127-бабына сәйкес тиісті әкімшілік жазалар тағайындады.
Сот қаулысымен бір ата-ана 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қалған жасөспірімдердің ата-аналарына 78 640 теңгеден айыппұл салынды.
Оқи отырыңыз: Семейде соққыға жығылған Әлинұрға қазақстандықтар пәтер алып берді
Бұған дейін Абай облысының полициясы қылмыстық іс қозғаған болатын. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Семейде арнайы комиссия осы оқиғаға байланысты шешім шығарды. Сонымен қатар Қазақстан азаматтары Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына 24 млн теңге жинап берген еді.
16 желтоқсан күні Семей қаласында болған қайғылы оқиға туралы мәліметтер белгілі болды. Абай облысының жедел ж ...
Абай облысында кондуктор кәмелетке толмаған жолаушыны автобустан түсіргені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы ...
Келтірілген залал көлемі 270 мың теңгеден асады. Абай облысында күдікті жүргізуші куәлігін "алып беремін" деп ...