"Жеңілдетілген несие алуға көмектесем": Астанада 16 адамды алдаған алаяқ сотталды
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Елордада AIF-2025 форумы өтіп жатыр.
Өткен жылы ел экономикасы 5,1 пайызға өсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Парламент азаматтық қоғам және жаңа саяси партиялардың мүшелерімен толықты. Сондай-ақ әйелдерге, жастарға және әлеуметтік тұрғыдан осал топтың өкілдеріне қосымша квота берілді. Адам құқықтарын қорғаудың нақты тетіктері болмаса, ілгері жылжу мүмкін емес. Бұл жүйе "Заң мен тәртіп" қағидатында көрініс тапқан. Біз аталған реформаларды геосаяси ахуал тұрақсыз кезеңде қолға алғанымызды білеміз. Бірақ "Жол мұраты – жету". Осы стратегиялық бағдарымыздан айнымаймыз, реформаларды тоқтатпаймыз. Жаһандағы сын-қатерлерге қарамастан, экономикамыз былтыр 5,1 пайызға өсті", — деді Президент Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шетелден тартылған тікелей инвестицияның көлемі рекордтық көрсеткішке жетті.
"Транскаспий халықаралық көлік бағытымен тасымалданған жүк 62 пайызға артты. Дейтұрғанмен біздің стратегиялық мұратымыз цифрмен ғана өлшенбейді. Бұл реформалар жұртшылықтың өркендеуіне жол ашатын жаңа қоғамдық келісімді орнатуды көздейді", — деді ол.
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсеткен . Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап кетуі салдарынан ауыр ж ...
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...