"Марокко, Алжир, Мысыр және Вьетнам": Қазақстандық астық әлемнің қанша еліне эскпортталғаны айтылды
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2024-2025 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көлемде, яғни ...
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ деректері бойынша, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы 25 мамырға дейін жаңа өнімнің астығын экспорттау көлемі 8,2 млн тоннаны құрады.
Бұл 2023–2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 58,1%-ға жоғары, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Экспорт көлемінің айтарлықтай артуы қазақстандық астыққа сыртқы нарықтардағы жоғары сұранысты көрсетіп отыр. Сондай-ақ жеткізу географиясын кеңейту және логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін дәлелдейді.
Экспорттың негізгі бағыттары дәстүрлі нарықтар болып табылады:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін қолдау және дамыту бойынша, оның ішінде логистиканы оңтайландыру және отандық астықты халықаралық нарықтарға ілгерілету бағытында жұмысты белсенді жалғастыра бермек.
Айта кетейік, еліміз биыл 8 жылдан соң Вьетнам еліне бидай экспортын қайта бастады. Бұдан бөлек Марокко Корольдігіне 60 мың тонна азық-түлік бидайы жөнелтілді.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2024-2025 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көлемде, яғни ...
Бұған украин дрондарының өткен айдағы шабуылынан кейін Ресейдің мұнай тиеу инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарының тұра ...
Шаруа баққан ағайын еңбегінің өтеуін көргені жақсы. Баға төмен болса, ала жаздайғы еңбек зая кетеді. Қып-қызы ...