Қазақстан ТҮРКПА-ға төрағалық етеді
Қазақстан Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының төрағалығын қабылдады. Бұған дейін ұйымға Әзербайжан жетекшілік ...
Астана халықаралық форумына арнайы келген мәртебелі меймандардан «Ақорда» бағдарламасы эксклюзив сұқбат жазып алды. Атап айтар болсақ, БҰҰ 8-Бас хатшысы Пан Ги Мун мен Солтүстік Македония Президенті секілді тағы да басқа лауазымды тұлғалар бар. Мәртебелі меймандардың айтуынша, форум тек Орта Азия шеңберінде емес, әлемдік деңгейде маңызға ие. Сондай-ақ қонақтар Астанадан айрықша әсер алғандарын да жеткізді.
Пан Ги Мун, Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы, БҰҰ 8-бас хатшысы:
Біз Қазақстан не Орталық Азия үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Ең алдымен климаттың өзгеруі, елдердің тұрақты даму мақсаттары және әйелдердің құқығына қатысты сұрақтарға басымдық беруіміз керек.
Гордана Силяновска-Давкова, Солтүстік Македония президенті:
Форум тамаша ұйымдастырылған. Қонақтарға көрсетілген қонақжайлылық үшін де алғысым шексіз. Кеше мен Астанадан болашақтың қаласын көрдім. Жасанды интеллект және цифрландыруды келешекте оңтайлы қолданады деп ойлаймын.
Айта кетейік, эксклюзив сұхбаттардың толық нұсқасын жексенбі 20:50-де, «Ақорда» бағдарламасынан көре аласыз.
Серік Жұмабекұлы
Қазақстан Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының төрағалығын қабылдады. Бұған дейін ұйымға Әзербайжан жетекшілік ...
Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға да үй төлемдері төленуі мүмкін. Бүгін Сенаттың жұмыс тобы осыған қатысты жаңа заң жо ...
Бельгиялық компаниялар Қазақстанмен логистика, көлік, қатынасын нығайтып, «Транкаспий» халықаралық бағыты арқылы алыс-бе ...