2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Еленаның келесі қарсыласы әлемдік рейтингтің экс-көшбасшысы Ига Швёнтек.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) "Ролан Гаррос" турнирінде сенімді ойынын жалғастырып келеді. Үшінші айналымда отандасымыз латвиялық Елена Остапенконы (21-орын) еш қиындықсыз жеңіп, 6:2, 6:2 есебімен келесі кезеңге өтті.
Бұл матч бар болғаны 1 сағат 15 минутқа созылды. Рыбакина 6 эйс жасап, 4 қос қателік жіберді, сондай-ақ 14 мүмкіндіктің бесеуінде брейк жасап, қарсыласын басымдылықпен тізе бүктірді.
1/8 финалда Рыбакинаға оңай қарсылас бұйырған жоқ. Ол әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Польшаның мақтанышы Ига Швёнтекпен (5-орын) кортқа шығады. Швёнтек үшінші айналымда румын қызы Жаклин Кристианды (60-орын) екі сетте жеңіп, 6:2, 7:5 нәтижесімен келесі кезеңге өтті.
Елена мен Ига бұған дейін 11 рет кортта кездескен. Есеп 6:5, Швёнтектің пайдасына. Бұл олардың 12-матчы болмақ және жанкүйерлер алдағы кездесуден нағыз шоу күтуде.
Айта кету керек, биыл Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінде үшінші рет 1/8 финалға жолдама алды. Бұған дейін ол 2021 және 2024 жылдары ширек финалға дейін жеткен. Биылғы маусымда ол кем дегенде осы жетістігін қайталауға ниетті.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...