"Әр кезеңде бюрократия": Асхат Аймағамбетов отандық фармацевтика саласындағы мәселені атады
Дәрі-дәрмектер дәріханаларға сатылу үшін олар сараптамадан өтуі тиіс. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов от ...
"Ауыл – ел бесігі", "Қалалардың шеткі аумақтарын дамыту" бағдарламалары күшін жоюға қойылады.
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде жүргізілетін жұмысты ескере отырып, өңірлер жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіштеріне бағдарланатын болады. Негізгі міндет басым тәртіппен артта қалған бағыттар бойынша оларды орташа аудандық, облыстық және республикалық деңгейге дейін теңестіру үшін қажеттілікті қамтамасыз ету болып табылады. Жергілікті бюджеттер базасына бұрын нысаналы даму трансферттері және ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырылған республикалық бюджеттің шығыс бағыттары енгізілетін болады. Бұл – сумен жабдықтау және су бұру объектілері, инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымы, тағы да басқалар. Аталған шығыстардың мақсатты сипатын сақтап қалу және қаражаттың басым емес салаларға бөлініп кетуін болдырмау мақсатында, олар нақты мақсаттары көрсетіліп, заңға жеке қосымша ретінде енгізіледі", — деді Серік Жұманғарин.
Сөзінше, оларды жоспарлауды тиісті салалық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын болады. Бақылау және бағалау жұмыстарын тексеру комиссиялары жүргізеді.
"Мұнда біз "Ауыл – ел бесігі", "Қалалардың шеткі аумақтарын дамыту" шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және тағы да басқалар түрлі салалық бағдарламалар шеңберінде елді мекендердегі жобаларды, іс-шараларды нүктелік қаржыландырудан алшақтайтынымызды түсінуіміз керек. Осы бағдарламалар күшін жоюға қойылады. Республикалық бюджеттен жалпыұлттық маңызы бар объектілер және аса маңызды инфрақұрылым қаржыландыратын болады", — деді Ұлттық экономика министрі.
Айта кету керек, бұған дейін былтыр елдегі үш донор өңір бюджетке 470 млрд теңге аударғанын жазған болатынбыз.