Шерзат ісіндегі басты күдікті: Мен ешкімді өлтірген жоқпын, бірақ ақталуға нақты дәлелім жоқ
Ол "Бір үлкен қателігім – намысқа беріліп, мойындағаным" деп отыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Шынасыл ...
Қазір 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесінің 2-бөлімі жалғасып жатыр.
Бүгінгі сот отырысында жарыссөз кезеңінде өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сотта күдікті Дидар Қалиахметтің мүддесіндегі адвокат оның еш кінәсі жоқ екенін айтып, соттан ақтау үкімін оқуды сұрады. Әрі моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде ғана жүргізілетінін еске салды.
– Дидар Қалиахмет оқиғада болғанын теріске шығарып отырған жоқ. Бірақ, айыптау актісінде көрсетілген әрекеттерді ол жасамаған. Ол сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тек ғана болжауы деп санаймыз. Құрметті сот, тергеу орнына жәбірленушілердің алғашқы Ғайыпбаев пен Бишимбиеваның дәлелсіз әр жауаптың жетегінде кетіп, басқа мән-жайларға назар аудармай, қателікке жол берген. Конституцияның 77-бабының 3-бөлігіне сәйкес, заңды қолданған кезде төмендегідей принциптерді басшылыққа алынуы тиіс:
– Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
– Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
– Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңдық күші болмайды.
– Ешкім өзінің жеке мойындауын негізінде ғана сотталуы тиіс емес.
Сот талқылауында зерттелген дәлелдемелерді зерделей өтсек, сотталушы Қалиахметке тағылған айып болжамдарға ғана негізделген. Қандай да бір белсенді бұзақылық жасайтын әрекет Қалиахмет тарапынан көрсетілмеген де, ондай әрекет сот тергеуінде анықталған да жоқ. Жоғарыда аталғандардың негізінде сотталушы Қалиахмет Дидар жөнінде айыптау үкімін шығаруға негіз жоқ деп санаймын. Сондықтан, оған тағылған күдік дәлелденбеді деп тауып, оған қатысты ақтау үкімін шығаруды сұраймын. Сонымен қатар, жәбірленушілер тарапынан берілген моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызын ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы №7 нормативтік Қаулысына сәйкес, моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі, – деді адвокат.
Осыған дейін Дидар Қалиахмет жауап алу барысында "102 мен 103-ке хабарласпағаныма өкінемін" деген еді.