Қостанайда 2 миллиард теңге жымқырған шенеуніктер ұсталды
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді.
Бүгінде Тобыл қаласында халықтың 87,9%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қалада ұзындығы 100 шақырымнан асатын су құбыры желілерінің құрылысы басталды. Бұл мақсатқа Қордан 1,4 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ Арқалық қаласына су құбырын тартуға 872 млн теңге бөлінді. Жоба 13 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етіп, 2025 жылдың соңына дейін сумен қамту деңгейін 96,5%-дан 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қарабалық, Денисов, Қостанай, Федоров, Бейімбет Майлин аудандары ауылдарында, сондай-ақ Арқалық қаласындағы Жастар ауылында жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын су құбыры желілерін тарту жоспарланып отыр.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда орталықтандырылған суға қолжетімділік Қостанай қаласында 99%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 90,3%-ды құрайды.
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...
Қостанай облысының Федоров ауданында түнгі уақытта республикалық маңызы бар Астана – Қостанай – РФ шекарасы автожолы ...
Биыл Қостанай облысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 547 пәтер сатып алынды. Өткен жылы өңірде жергілікті б ...