• 15-06-2025

Жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алу көлемі 680 млрд теңгеге жетті

2025 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 1,1 трлн теңгені құрады, оның ішінде елішілік құндылық 680 млрд теңгені немесе 60,2%-ды құрады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 6,1 трлн теңгені құрады, оның ішінде елішілік құндылық үлесі 3,8 трлн теңгені немесе 61,9 %-ды құрады. 2024 жылы тауарлардағы, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың оң өсуі сақталды.

Сатып алулардың негізгі үлесі Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және НКОК-қа тиесілі – 62%, Самұрық-Қазына – 23%. Қалған жер қойнауын пайдаланушыларға – 15%.