• 14-06-2025

Медицина бойынша орынбасар және аға мейіргер. Әлеуметтік қызмет ұйымдарына жаңа лауазымдар енгізіледі

Сондай-ақ , жүргізушімен автокөлікті жалға алу шарты жасалған жағдайда, жүргізушінің лауазымы қажет етiлмейдi.

Ашық НҚА порталында Қазақстан Республикасының "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығының жобасы жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл құжат еңбек және әлеуметтік қорғау салаларында ағымдағы нормативтік актілерді жетілдіріп, оңтайландыру мақсатында әзірленген.

Құжатта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызмет қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні айтылған. Бұл өзгерістер ең төменгі штаттық нормативтерді қайта қарауды қамтиды. Атап айтқанда, мынандай лауазымдар енгізіледі: директордың медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары және аға мейіргер.

Мұнымен қоса, қажет болған жағдайда дезинфекторы, су сорғы стансасының машинисі (мотористі) және электр газбен дәнекерлеуші сияқты лауазымдар қосылуы мүмкін.


Оқи отырыңыз: Баланы "ходунокқа" отырғызуға бола ма және бесікке қалай бөлеген дұрыс


Сондай-ақ, жүргізушімен автокөлікті жалға алу шарты жасалған жағдайда, жүргізушінің лауазымы қажет етiлмейдi. Егер қызмет көрсету немесе "Күзет" қауіпсіздік жүйесіне қосылу жөнінде күзет ұйымымен шарт болса, күзетші лауазымы да талап етілмейді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесі де қайта қаралмақ. Мұнда арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді анықтау және қалыптастыру жөніндегі әдістер қайта қаралады. Сонымен қатар, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін қосымша ақылар мен басқа да төлемдер қарастырылады.

Бұл өзгерістер 18 маусымға дейін қоғам талқысына салынады.