2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Астанада өтетін World Boxing 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңіне Өзбекстан құрамасы келмейді.
Бұл ақпаратты ҚР Туризм министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз хатшысы Аян Төлеген өзінің телеграм-арнасында растады:
"Ұйымдастырушылармен сөйлестік, өзбек боксшылары мүлде болмайтын секілді…" – деп жазды ол.
Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының кезеңі 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Қазіргі таңда турнирге қатысуға 33 елден ұлттық құрамалар ресми түрде тіркеліп отыр. Дегенмен Өзбекстан құрамасы турнирге қатыспауы мүмкін.
Бұл дода биылғы жылдың басты бокс оқиғаларының бірі болмақ. Бұған дейін Қазақстан Астанада өтетін жарысқа ұлттық құраманың ең мықты спортшыларын шығаратынын мәлімдеген болатын. Осы ретте көрші елдің – Өзбекстанның турнирге қатыспауы көптеген жанкүйерлер үшін күтпеген жаңалық болды.
Әлемдік деңгейдегі бокс додасы көрермендер үшін нағыз тартысты шайқастар мен жоғары деңгейлі спорт мерекесі болмақ. Ал Қазақстан құрамасының басты мақсаты – ел намысын абыроймен қорғап, жарыс алаңында өз мықтылығын дәлелдеу.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...