Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Чехияның Прага қаласында әуежайға бара жатқанда жүк көлігінен Виски атты айғырдың бірі секіріп кеткен.
Оқиға салдарынан Праганың айналма жолында көлік қозғалысы бір сағатқа тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты жергілікті Novinky басылымына сілтеме жасап.
Зообақ қызметкерлері мен полиция жануарды ұстап, басқа торға кіргізуге тырысты.
Осылайша, Астанаға ұшатын ұшаққа 4 жылқының тек үшеуін тиеуге мүмкіндік болды. Жүк көлігінен секірген жылқы зардап шеккен жоқ және жағдай тез арада реттелді.
2024 жылдың маусым айында Қостанай облысына 8 Пржевальский жылқысы жеткізілді. Барлығы 40 бас әкелу жоспарланған. 1969 жылы жабайы табиғатта жойылып кеткен бұл жылқылар қазір қолда өсіріліп, өздерінің табиғи мекендеріне қайтарылуда.
Айта кетейік, осыған дейін маусым айында Қазақстанға Чехиядан 8 Пржевальский жылқысы жеткізілетінін жазған болатынбыз.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...