Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Атаулы күн еліміздің егемендігі мен бірегейлігін білдіретін ерекше мереке саналады.
1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді. Содан бері бұл күн ұлттық мереке ретінде аталып өтіп келеді.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің тәуелсіздігін, тарихын, рухын және болашағын бейнелейтін маңызды нышандар. Қазақстан Туы – бейбітшілік пен болашаққа деген сенімді білдірсе, Елтаңба – ел тарихы мен мәдениетін, ұлттық болмысын айшықтайды. Ал Әнұран – елдің бірлігін, намысын оятатын ұлы рухтың сарыны іспетті.
Рәміздер күні — әр азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталған. Сондықтан да бүгінгі күн – тек рәміздерді еске алу емес, елге, оның болашағына деген сенімді нығайтатын ерекше күн ретінде ұлықталады.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...