2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Астана қаласының спортшылары мен бапкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Автокөліксіз бір күн» республикалық челленджіне белсенді қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, челленджде олар жеке автокөліктерін пайдаланбай, жұмысқа және жаттығу залына балама көлік түрлерімен барды. Кейбірі велосипедке мінсе, енді бірі қоғамдық көлік пен электросамокат секілді экологиялық таза көлік құралдарын пайдаланып, видеоүндеу жазып, өз әріптестерін аталмыш челленджге шақырды.
Челленджді қолдағандардың қатарында елордалық велошабандоздар – Бралин Мансұр мен Поберевский Богдан, спорттық гимнастика спортшысы Мұрат Асан, сурдо каратэден Айнұр Есмағамбетов, кикбоксинг бөлімінің жаттықтырушысы Рахат Мұхаметрахим, еркін күрес спортшысы Мыңбай Нұрзат, сондай-ақ дзюдо мен шайбалы хоккей жаттықтырушылары бар.
Елордалық спортшылар қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және қоршаған ортаға жанашырлық таныту мақсатында «Автокөліксіз бір күн» челленджіне белсене қатысты. Барша тұрғындарды #ТазаҚазақстан және #АвтокөліксізКүн хэштегтерімен челленджге қосылуға шақырамыз, – дейді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.
Сондай-ақ челленджге басқармаға қарасты мекемелердің қызметкерлері мен бапкерлер құрамы да белсенді түрде атсалысып, өз үлестерін қосты.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...