«Ең ірі қаржылық қылмыстардың бірі»: Перизат Қайратқа қатысты тың ақпарат жарияланды
Елді дүр сілкіндірген атышулы Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталды. Жуырда іс материалдары прокурату ...
Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Антикор Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері туралы мәлімет берді, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінген болатын.
– Агенттік 2024 жылы министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметшілеріне қатысты 15 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді. Оларды жасауда 9 адам әшкереленді, оның ішінде 8 адам сотталды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша белгіленген зал ал — 167,3 млн теңге, оның 45 млн теңгесі өтелді, – деп жазылған ақпараттың агенттігіне берген жауабында.
Агенттік 2024 жылы жемқорлықтың алдын алу мақсатымен "Ертіс Орманы" және "Семей орманы" табиғи резерваттарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізген.
– Талдау нәтижелері бойынша министрлікпен бірлесіп, орман және табиғи ресурстарды басқаруда анықталған жүйелік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Сондай-ақ, биылғы 21 сәуірде Агенттік алаңында экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтіп, орман шаруашылығы мен табиғи резерваттарда анықталған жүйелік мәселелер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде, министрлікке және оның құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар берілді, – деп жауап берген Антикор өкілдері.
Елді дүр сілкіндірген атышулы Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталды. Жуырда іс материалдары прокурату ...
Жемқорлық пен адалдық айқасы бүгін-ертең аяқталмайтын сыңайлы. Бұл тек пара беруші мен алушының арасындағы айқас е ...
Климаттың өзгеруіне қарсы күресте және оған бейімделуде елдерді қолдаудың негізгі халықаралық қаржы тетігі болып табылат ...