• 15-06-2025

Қызылорда облысының диқандары жаңа технологияға бет бұрған

Қызылорда облысында диқандар егін шаруашылығына жаңа технологияларды кеңінен пайдалануға бет бұрып келеді. Бүгінде күрішшілер лазерлік тегістеуді меңгеріп, агродрондармен тыңайтқыш себуге көшті. Ал бау-бақшалық алқаптардың көбі тамшылатып суарумен өсіріліп жатыр. Аймақтағы тілшіміз Әділбек Серікұлы сондай шаруашылықтардың бірінде болып, тыныс-тіршілігін көріп қайтты.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Қызылорда облысы үшін күріш дақылының маңызы зор. Жердің тұзданып, сор басып кетуінен қорғайтын өсімдік бір жағы экологияны оңалтуға септігі мол. Биыл облыста 85 мың гектар жерге күріш егілсе, соның 60 мың гектары міне, осындай лазерлік технологиямен алқаптар біркелкі тегістеліп жатыр.

Серікбай Нысанбаев, механизатор:

Бұрын енді Кеңес Үкіметінің кезінде барлығы рычаг, көз жоба, енді жердің тегістігі, әр түрі болады ол кезде. Ал енді қазір лазерлік тегістеумен айырмашылығы атыздың ішінің деңгейі ары кетсе 5 см болады. Соның есебінен күріш өнімі әлдеқайда жоғары болады ғой.
- Агродрондар күріш шаруашылығына, жалпы шаруашылыққа қай кезден бастап келді?

Ермек Мұратов, жұмысшы:

Шиелі ауданына биылдан бастап келіп жатыр. Агродронның бір жақсы жері мына алаңды аламыз да сызып маршрутын қойып береміз. Сонымен өзі барып былай-былай сеуіп керекті дәрісін. Дәрісі таусылған жағдайда қайтып келеді. Қайтадан мөлшерлемесін құйып береміз 40-50 литр. Соны қайтадан сеуіп пайдаланып жатырмыз.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Егісті әртараптандыру бағытында шаруашылықта ауқымды тірлік бар. Соңғы 3-4 жылдың көлемінде шаруалар күріштен бөлек бау-бақша көкөніс өсіруді кеңінен қолға алған. Мәселен мына жайқалған қызанақ алқабы тамшылатып суару әдісімен өсірілген.

Мақсат Ташматов, шаруашылық төрағасы:

Су тапшылығына байланысты осы біздің елге келгелі бірінші болып пайдаланған жайымыз бар. Бұрынғыдай қарықтап суарғаннан әлдеқайда оңай. Анау басында мотор тұр. Сол мотор арқылы су айдайды. Егін егетін кісілердің барлығы осыған көшкен, 100 пайыз. Жылда бір алқап 60-70 гектар көкөніске жер беріледі.

Әділбек Серікұлы