ҚМДБ: Құрбан айттың бірінші күні 34 мың отбасыға ет таратылды
Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ...
Жыл сайын мұсылман қауымы асыға күтетін Құрбан айт – мейірім мен шүкіршіліктің, жақсылық пен жомарттықтың жаршысы. Бұл күндері мұсылмандар Алла разылығы үшін құрбандық шалып, мұқтаж жандарға көмек қолын созады. Құрбан шалу – тек діни рәсім ғана емес, жүрекпен жасалатын ізгі амал, қоғам бірлігінің көрінісі. Осы ретте El.kz порталының тілшісі Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Әбішевтен құрбан шалудың шарттарын сұрап көрді.
Бұл күн — иманның беріктігін, сабыр мен бауырмалдықты, қоғамдағы теңдікті насихаттайды. Адамдар бір-біріне қонаққа барып, кешірімділік жасап, татуласады. Мұқтаж жандарға ет тарату арқылы әлеуметтік теңдік пен қамқорлық көрініс табады.
Құрбандық малының еті мұқтаждарға таратылып, адамдар арасындағы бауырмалдықты, ортақ жауапкершілікті арттырады. Ислам дәстүрі бойынша, Құрбан айт күндері мұсылмандар мал шалып, игі амал жасайды. Құрбандыққа тек қошқар ғана емес, қой, ешкі, сиыр (өгіз) және түйе де шалына береді.
Қой мен ешкі тек бір адамның атынан шалынуға тиіс болса, ал ірі мал – сиыр немесе түйе – жеті адамға дейін ортақ шалына алады. Құрбандық малының жасы шариғат талаптарына сай болуы керек:
Малдың денсаулығы да маңызды. Құрбандыққа кемтар, ауру немесе әлсіз мал жарамайды, мұндай малдың еті адал саналмайды.
Исламда құрбан шалуға қатысты бір наным бар: Қиямет күні адам құрбандыққа шалған малының арқасында көпірден өтіп, жәннатқа жетеді деген сенім бар.
Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Әбішевтің айтуынша, құрбандық шалу – ислам шариғатында зекет беруге парыз болған әрбір мұсылманға уәжіп, яғни міндет болып табылады. Мұнда «парыз» пен «уәжіп» деген екі діни ұғым бар. Екеуі де мұсылманға шариғат бойынша орындалуы тиіс міндеттерді білдіреді, алайда олардың арасында аздаған айырмашылық бар.
Парызды өкіншті түрде орындамайтын адам діннен шыққан деп саналады, ал уәжіпті орындамаған мұсылман – надан әрі күнәлі болып есептеледі. Сондықтан уәжіптің де маңызы өте жоғары.
Имамның сөзінше, құрбандық шалу әйел кісілерге де міндетті. Егер әйелдің өзі зекет беретін деңгейде байлығы болса, онда құрбандық шалу да оған парыз болып табылады. Әйелдердің де өз кәсібі, мүлкі немесе отбасыдан қалған мал-мүлкі болуы мүмкін. Қоғамда бай әйелдер бар және олар да құрбандық шалу міндетін орындауға тиіс. Егер өзі бара алмаса, құрбандық шалуды сенімді адамға уәкілдік беру арқылы жүзеге асыра алады.
Құрбандыққа байлық өлшемі – 85 грамм алтын көлеміндегі ақша немесе мал. Бұл шамамен 1,5-2 миллион теңге көлеміндегі қаражат. Егер адамның қолындағы ақша айналымда, яғни сауда-саттықта болса, ол ақшаны шариғат бойынша өз мүлкі деп есептеп, құрбандық шалу міндетін атқаруы керек. Ал егер ақша қарызға кеткен немесе айналып жатқан тауарға байланған болса, онда бұл басқа мәселе, – наиб имам Қуаныш Әбішев.
Сондай-ақ имам құрбандық шалу міндеті әр мұсылманның материалдық жағдайына байланысты қарастырылатынын жеткізді.
![]()
Студенттер, зейнеткерлер және жалдамалы қызметкерлер де егер жағдайлары болса, құрбандық шалу парызын орындауға тиіс. Мысалы, студенттің жағдайы жақсы болса, өзіне тиесілі, яғни өз еркімен пайдаланатын және зекет беруге жеткілікті ақшасы бар болса, оған құрбандық шалу міндет болуы мүмкін. Сол секілді, зейнеткердің де ақшасы жеткілікті және балалары оның күнкөрісіне тәуелді болмаса, зейнеткер өзіне тиесілі қаражатының көлемінде құрбандық шалу міндетіне ие болады, – деді.
Дегенмен, зейнеткерлердің көпшілігі үшін бұл міндет әрдайым қойылмайды. Егер олардың материалдық жағдайы шектеулі болса, немесе күнделікті тұрмысын қиналып қамтамасыз етсе, шариғат оларды құрбандық шалу парызына міндеттемейді.
Имам Қуаныш Әбішевтің пікірі бойынша, шариғатта құрбандық шалу – бұл ақылды, жағдайы бар мұсылманның міндеті, бірақ бұл міндет адамның нақты мүмкіндігіне сәйкес қойылады.
Шариғат бойынша, бұл амал – ауқатты мұсылманның міндеті. Ауқатты болу критерийі төмендегідей:
Егер адамның мал-мүлкі бұл шектерге жетпесе, онда оған құрбан шалу міндеттелмейді.
Имам биыл да муфтият жыл сайынғы дәстүрін сақтап, онлайн құрбандық шалу қызметін ұйымдастырып отырғанын жеткізді. Арнайы платформа арқылы азаматтар мал түрін таңдап, онлайн төлем жасай алады.
Мүфтияттың айтуынша, қой мен ешкіні жеке шалу керек, ал сиыр мен түйені бірнеше адам бірігіп шалуға болады. Тапсырыс расталғаннан кейін пайдаланушының телефонына хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң, фото және бейнематериалдар жолданады.
Бұл жүйе бай мұсылмандар мен құрбандық шалуға шамасы жетпейтін мұқтаж кісілерді технология арқылы байланыстыратын сенімді көпір іспеттес. Бұрын құрбандық шалу үшін өзіңіз сенетін адамға ақша беріп, оның құрбандық шалуын күтсеңіз, қазір онлайн жүйелер арқылы ақша аударып, құрбандық шалу рәсімін сенімді түрде жүзеге асыруға болады. Муфтият – мұндай жағдайда сіздің уәкіліңіз болып, құрбандық шалу мен оның есеп беруін өз мойнына алады. Ол сіздің атыңыздан құрбандық шалып, оның етін мұқтаждарға таратып, отбасыңызға дұға жасайды, – деді Қуаныш Әбішев. Биыл да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн құрбан шалу қызметін ұсынады.
Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Әбішевтің айтуынша, құрбандық шалудағы ең маңызды нәрсе – жүректегі ниет. Ниятсыз немесе ниетсіз шалынған құрбандық шариғатта құрбандық болып есептелмейді. Бірақ мұнда тек ауызша айтылған сөз емес, жүрекпен сеніп, ниет ету маңызды.
Имамның сөзінше, адам құрбандықты өз атыңа немесе басқа біреудің атынан шаламын деп ауызша ниет білдірмесе де, егер оның жүрегінде ниет бар болса, оның құрбандығы дұрыс болады. Мысалы, намаз оқып, «Бисмиллахи Алейхи уассалам» деп дұға жасап тұрған адам құрбандық шалғанда, оның жүрегінде «Аллахым, бұл құрбандық менің атымнан» деген ниет болса, бұл ниет шариғатта қабылданады.
Сондықтан тілмен айтылған ниет әрдайым маңызды болса да, жүректегі шынайы ниет әлдеқайда маңыздылыққа ие. Егер адам ауызша ниетін ұмытып қалса немесе айтпаса да, жүрекпен ниет етсе, оның құрбандығы жарамды болып саналады.
Қазақстанда Құрбан айт — ресми түрде танылған діни мейрам. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Құрбандық шалынып, жақындармен қауышу, садақа тарату дәстүрге айналған.
Жергілікті әкімдіктер мен қайырымдылық ұйымдары көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді.