Жас футболшылар тарихи нәтиже тіркеді
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
Геннадий Головкин ХОК жаңадан сайланған президенті Кирсти Ковентримен, ХОК президенті Томас Бахпен және ХОК қоғаммен байланыс департаментінің өкілдерімен жүздесті.
Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) ұйымдастырған Olympism365: Sport for a Better World атты алғашқы саммит өтті. Бұл туралы ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты. Айта кетейік, Қазақстан ҰОК басшысы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің Olympism365 комиссиясының мүшесі.
Саммитке Олимпиадалық қозғалыс мүшелері мен БҰҰ агенттіктерінен бастап халықаралық гуманитарлық және қаржылық құрылымдар, мемлекеттік органдар, спорт қауымдастығы мен әлеуметтік бағыттағы бизнес сияқты 100-ден астам ұйымның өкілдері қатысты. Іс-шараны ХОК президенті Томас Бах ашты.
Қатысушылар білім мен денсаулық сақтау саласына қолжетімділікті арттырудан бастап, теңдік пен инклюзивтілікті ілгерілетуге дейін спорттың тұрақты даму мақсаттарына жетудегі рөлін талқылады. Сонымен қатар спортта қауіпсіз ортаны қалыптастыру, осал топтарды қолдау, тұрақты қауымдастықтарды дамыту, инновациялар мен цифрлық шешімдерді, соның ішінде жасанды интеллект негізіндегі жобаларды енгізу, сондай-ақ "Спорт және даму" саласындағы жобаларды қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ы ...
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...